
Алматы, 2025 жылғы 28 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы АҚШ Сауда палатасының (AmCham) Атқарушы директоры Джефф Эрлихпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қараша айында Вашингтонға жасаған сапарының қорытындысы бойынша жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы іске асыру бағытында тығыз жұмыс жүргізуге келісті.
Кездесу қорытындысында AmCham басшысы Қазақстандағы америкалық бизнестің қатысуын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту ісіне белсенді түрде қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.