Астана, 2025 жылғы 28 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұловамен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар Қор аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, ұйымның жобалық қызметі бойынша пікір алмасты.
Е.Көшербаев Қазақстанның түркі ынтымақтастығының мәдени-гуманитарлық бағытын дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.
А.Райымқұлова ТМҰ Мемлекет басшылары кеңесі тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәлімет беріп, Қордың 2026 жылға арналған жоспарларымен таныстырды.
Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау қоры 2012 жылғы 23 тамызда құрылды. Қордың негізгі міндеттері – түрлі іс-шаралар, жобалар мен бағдарламаларды қолдау және қаржыландыру арқылы түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау, зерттеу және ілгерілету.