Қазақстан СІМ-де Ресей Елшісімен кездесу өтті

Қазақстан СІМ-де Ресей Елшісімен кездесу өтті

Астана, 2025 жылғы 27 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ресей Федерациясының Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Кездесу барысында Таяу Шығыс күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Сұхбаттастар Астана мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.