Астана, 2025 жылғы 26 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияров «Әл-Джазира» халықаралық телекомпаниясының өкілі Хафез Әл-Ауамен кездесті.
Кездесу барысында сұхбаттастар медиа саласындағы өзара іс-қимылдың даму перспективаларын талқылады. Халықаралық ақпарат кеңістігін қалыптастыруда маңызды орын алатын шетелдік хабар тарату құрылымдарымен ынтымақтастықтың маңыздылығы аталып өтті.
А.Смадияров Қазақстанның «Әл-Джазирамен» ықпалдастықты кеңейтуге ашық екенін жеткізіп, жаһандық аудиторияны еліміздің әлеуметтік-экономикалық үрдістері мен сыртқы саяси бастамалары туралы хабардар етуге бағытталған бірлескен жобаларды ұлғайтуға қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді диалогты жалғастыруға және ықпалдастықтың ықтимал бағыттарын қарауға дайын екенін растады.