Астана, 2025 жылы 24 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Швейцария Конфедерациясының Елшісі Салман Балды оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.
Саяси диалогтың оң динамикасы, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кеңеюі аталып өтті. Сұхбаттастар цифрландыру, көлік және логистика, білім беру және су дипломатиясы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
С.Бал қазақ тарапына жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай нығайту әлеуетінің жоғары екенін атап өтті.
Кездесудің соңында А.Исетов Елшіге Қазақстан-Швейцария қарым-қатынасының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың атынан құрмет грамотасын табыстады.