Абу Дабиде Қазақстан мен БАӘ халықаралық-құқықтық қызметтерінің алғашқы консультациялары өтті

Абу Дабиде Қазақстан мен БАӘ халықаралық-құқықтық қызметтерінің алғашқы консультациялары өтті

Абу Даби, 2025 жылғы 17-18 қараша – Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрліктерінің халықаралық құқық департаменттері арасында алғашқы консультациялар өтті.

Іс-шараға қазақ тарапынан ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінің директоры Дастан Сүлейменов, ал әмірлік тарапынан БАӘ СІМ Халықаралық-құқықтық департаментінің директоры Абдулла Хамдан Әлнакби қатысты.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекет арасындағы шарттық-құқықтық базаның түгендеуін жүргізіп, оны одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларды талқылады. Сонымен қатар құқықтық қызметтер өзекті халықаралық-құқықтық мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықаралық шарттарды жасасу мәселелері бойынша тәжірибемен бөлісті.

Дипломаттар шарттық-құқықтық базаны дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті және келесі кездесуді Астанада өткізуге уағдаласты.