Астана, 2025 жылғы 18 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Берік Арынмен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен АҚИҰ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Ұйымның ағымдағы қызметі мен алдағы іс-шараларын талқылады.
Кездесуді қорытындылай келе, сұхбаттастар Ислам ынтымақтастығы ұйымы өңіріндегі азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін шешу үшін диалогты нығайтуға келісті.