Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен өзара іс-қимылды одан әрі дамыту талқыланды

Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен өзара іс-қимылды одан әрі дамыту талқыланды

Астана, 2025 жылғы 17 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркі инвестициялық қорының (ТИҚ) Президенті Бағдад Әміреевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сұхбаттастар ТИҚ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін және ү.ж. 7 қазанда Габалада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 12-ші саммитінің қорытындыларын талқылады.

Министр Қазақстан Қордың дамуына зор мән беретінін атап өтіп, оның түркі және ислам әлеміндегі экономикалық ынтымақтастықтың маңызды тетігіне айналуы тиіс екенін айтты.

Өз тарапынан Б.Әміреев Қорды институцияландыру процесін аяқтау және оның жобалық портфелін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар етті.

Келіссөздер барысында тараптар өзекті экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Қордың басқа халықаралық құрылымдармен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында жұмыс істейтін Ислам даму банкі және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы сияқты исламдық қаржыландыру институттарымен ықпалдастық мүмкіндіктері қарастырылды.

Түркі инвестициялық қоры 2022 жылғы 11 қарашада ТМҰ-ның 9-шы саммитінде құрылды. Қордың мүшелері – Әзербайжан, Мажарстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан. Қордың мақсаты – өңірлік сауданы кеңейту және экономикалық қызметті қолдау арқылы ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу.