Токиода Қазақстан мен Жапония СІМ арасында саяси консультациялар өтті

Токиода Қазақстан мен Жапония СІМ арасында саяси консультациялар өтті

Токио, 2025 жылғы 14 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстан мен Жапония сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті отырысына қатысты.

Жапонияның Мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицумен өткен кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын және алдағы іс-шаралар кестесін талқылады. А.Кунимицу Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі маңызды рөлін атап өтіп, Токионың Астанамен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады.

Жапония Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия бойынша Арнайы өкіл, Елші Масаки Ишикавамен жүргізілген келіссөздер барысында екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері мен шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ ынтымақтастықтың визалық және консулдық-құқықтық аспектілері қарастырылды. «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммитіне дайындық барысында ерекше мән берілді. Сонымен қатар қауіпсіздік саласындағы ахуалды қоса алғанда, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің кең ауқымы бойынша терең пікір алмасу орын алды.

Бұдан басқа, Ә.Бақаев Жапонияның Экономика, сауда және индустрия министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстандағы жапон компанияларының инвестициялық қызметін кеңейту перспективалары талқыланды.