Астана, 2025 жылғы 14 қараша – Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрліктерінің профильдік департамент директорлары деңгейінде жаңа тәуекелдер мен қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша консультациялардың кезекті отырысы өтті.
Консультациялар барысында тараптар көпжақты және екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі талқылап, жаһандық пен өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.
Қатысушылар тараптар арасындағы сенім мен өзара түсіністік деңгейін арттыруға ықпал ететін диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар жүйелі негізде консультациялар өткізу қажеттігіне ерекше назар аударды.