Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық миссия жолдады

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық миссия жолдады

Қабыл, 2025 жылғы 13 қараша – Ауған халқына соңғы жойқын жер сілкіністерінен кейін қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауғанстанға құрамында 13 дәрігері бар (хирургтер, нейрохирургтер, травматологтар және т.б.) гуманитарлық миссияны жолдады.

Сонымен қатар Ауғанстанға 18 тонна дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар, шатырлар және алғашқы қажеттіліктегі өзге де заттар түрінде гуманитарлық көмек көрсетілді.

Қабыл қаласына барған медициналық миссия мен гуманитарлық жүкті Қазақстанның Ауғанстандағы Уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасов, сондай-ақ Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігі мен Табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің басшылық өкілдері қарсы алды.

Қазақстандық медициналық бригада ауған әріптестерімен бірге шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жандарға жедел жәрдем көрсетеді және консультациялық қолдау жүргізеді.

Гуманитарлық көмек Ауғанстандағы ҚР Елшілігінің, ҚР Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Қорғаныс министрліктерінің, сондай-ақ «KazAID» халықаралық даму агенттігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Бұл миссия Қазақстанның қиын кезеңде ауған халқымен ынтымақ қағидаттарына берік ұстанымын көрсетеді.