Астана, 2025 жылғы 14 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті.
Министрлер екіжақты ынтымақтастықты өзара тиімді дамыту перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Тараптар алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін келісті.