Киевте экономикалық ынтымақтастықты жандандыру бойынша екіжақты кеңестер өтті

Киевте экономикалық ынтымақтастықты жандандыру бойынша екіжақты кеңестер өтті

Киев, 2020 жылғы 16 қазан –  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Асқар Шоқыбаев Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енинмен кездесті.

Тараптар кеше өткен көпжоспарлы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға екі елдің байыпты қызығушылығын растаған қазақстандық-украиналық инвестициялық форумын жоғары бағалады. Басымдықтардың қатарына агроөнеркәсіп кешені, машина жасау және фармацевтика салалары белгіленді. Сұхбаттасушылар бұл салаларда мол жинақталған тәжірибе ғана емес, сонымен қатар жаңа ірі жобалардың бар екенінен назар аударды. Бірінші кезекте әңгіме Қазақстан аумағында дайын өнімді көрші мемлекеттердің нарықтарына жылжыту бойынша бірлескен кәсіпорындар құру туралы болып отыр, деп атап өтті А.Шоқыбаев.

Өз кезегінде, Е.Енин жоғарыда аталған бағыттардағы тұрақты жұмыс екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Ол сондай-ақ украин тарапының жақын арада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-украин мемлекетаралық комиссиясының кезекті отырысын және көлік және коммуникация бойынша екіжақты келіссөздерді өткізуге дайын екенін растады.

Сонымен қатар, тараптар Братиславада жақында өткен Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Украина Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Эмине Джапарованың кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды ілгерлету мақсатында халықаралық ұйымдар шеңберінде екі ел арасындағы өзара іс-қимылды тереңдетудің бірқатар аспектілерін нақтылады.