Қазақстан СІМ басшысы АӨСШК Бас хатшысын қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы АӨСШК Бас хатшысын қабылдады

Астана, 2025 жылғы 17 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК, Азия кеңесі) Бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады.

Кездесу барысында тараптар АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ Кеңестің институционалдық нығаюы мен одан әрі дамуы мәселелерін талқылады.

Ерекше назар Арнайы жұмыс тобының отырыстарында қаралып жатқан АӨСШК Жарғысы жобасын келісу процесіне аударылды. Қазақ тарапы ұйымның құқықтық негіздері мен болашақ дамуын айқындайтын құжат бойынша жұмысты жедел аяқтау жөніндегі күш-жігерді қолдады.

Кездесу соңында сұхбаттастар Азия кеңесін трансформациялау процесін ілгерілету және ұйымның Азиядағы қауіпсіздік пен сенімді қамтамасыз етуге арналған тиімді алаң ретіндегі рөлін нығайту бойынша бірлескен күш-жігерге бейілділігін растады.