Қазақстандық және халықаралық сарапшылар Биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенция аясында биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстандық және халықаралық сарапшылар Биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенция аясында биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Алматы, 2025 жылғы 14 қазан — Алматыда Қазақстан Республикасы  Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен «БУҚК-ның 50 жылдығы: міндеттемелерден іске көшу – Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігі (БҚХА) туралы бастамасы» атты халықаралық семинар өтті.

Семинарға биологиялық қауіпсіздік саласындағы жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылар, оның ішінде Биологиялық және уытты қару туралы конвенцияны (БУҚК) іске асыруды қолдау тобының, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдері, сондай-ақ түрлі академиялық ұйымдар мен сараптамалық орталықтардың өкілдері қатысты.

Сарапшылар БУҚК-ны іске асыру мәселелерін талқылап, Конвенция ережелерін іске асырудағы тиісті органғаа қатысты пікір алмасты. Осы тұрғыда Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін (БҚХА) құру бастамасы бойынша кең ауқымды пікірталас орын алды.

БҚХА биологиялық қаруға тыйым салуды қамтамасыз ететін және биотехнология саласындағы бейбіт мақсатқа арналған халықаралық ынтымақтастықты ілгерілететін құрылым болуды көздейтіндігі аталып өтті.

Қазақстан жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қарусыздану ісін жаһандық деңгейде дәйекті түрде қолдап келеді. 2020 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясы барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БУҚК негізінде БҚХА құруды ұсынды. Қазіргі таңда, қарусыздану саласындағы БУҚК іске асыру органы жетіспейтін жалғыз ірі келісім болып табылады. Осы орайда, аталған бастама қарусыздану архитектурасындағы бос кеңістікті толтыруға бағытталып отыр.