Қазақ дипломаттары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Қазақ дипломаттары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Астана, 2025 жылғы 11 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Астанадағы Ботаникалық саябақ аумағында өткен жалпы қалалық сенбілікке қатысып, «Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясына атсалысты.

Аталған бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, сондай-ақ қоғамда тазалық, тәртіп пен көркейту дәстүрлерін дамытуға бағытталған.

Қазақ дипломаттары өздеріне бекітілген аумақты абаттандыруға үлес қосып, әрбір азаматтың экологиялық әл-ауқатты сақтаудағы жеке қатысуының маңыздылығын атап өтті.