Қазақстан CІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталуына орай Ливан Елшісін қабылдады

Қазақстан CІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталуына орай Ливан Елшісін қабылдады

Астана, 2025 жылғы 10 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталуына байланысты Ливан Республикасының Елшісі Жискар Әл-Хуриді қабылдады.

Министрдің орынбасары Қазақстан мен Ливан арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Ж.Әл-Хуриге ризашылық білдірді.

Өз кезегінде ливандық дипломат екі мемлекет арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың одан әрі табысты дамуына сенім білдіре отырып, жан-жақты қолдау мен қонақжайлылық үшін қазақ тарапына алғысын білдірді.

Кездесу соңында Ливан Елшісіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің алғыс хаты табысталды.