Қазақстан мен Молдованың сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Молдованың сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Астана, 2025 жылғы 8 қазан – Молдова тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Молдова Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Михай Попшой арасында телефон арқылы сөйлесу өтті.

М.Попшой әріптесін тағайындалуымен жылы құттықтап, жаңа қызметінде табыс тіледі. Қазақстан СІМ басшысы құттықтауы үшін алғысын білдіріп, Астана мен Кишинёв арасындағы достық қатынастарды жан-жақты тереңдетуге қазақ тарапының бейілді екенін атап өтті.

Сұхбат барысында екіжақты және көпжақты форматтардағы Қазақстан-Молдова ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды.

Тараптар екіжақты серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында сыртқы саяси ведомстволар арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара дайындығын растады.