Астана, 2025 жылғы 8 қазан – Израиль тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті.
Г.Саар әріптесін жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
ҚР СІМ басшысы алғысын айтып, екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды жан-жақты дамытуға дайын екенін растады.
Сұхбат барысында өзара биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды. Сонымен бірге тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.