Қазақстан мен Арменияның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Арменияның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Астана, 2025 жылғы 3 қазан – Армян тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сөйлесті.

А.Мирзоян әріптесін жаңа лауазымға тағайындалуымен жылы құттықтап, сәттілік тіледі. Е.Көшербаев алғысын білдіре отырып, қазақ тарапының Астана мен Ереван арасындағы достық қарым-қатынастарды жан-жақты тереңдетуге бейілділігін атап өтті.

Сұхбат барысында екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды. 

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжоспарлы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға өзара дайындығын растады. Бұл тұрғыда екіжақты және көпжақты форматта өтетін алдағы іс-шаралардың мазмұнын толтыруға ерекше назар аударылды.