Астана, 2025 жылғы 2 қазан – Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің Ресей Федерациясының Елшісі Алексей Бородавкинмен жұмыс кездесуі өтті.
Сұхбаттастар көпжақты алаңдар шеңберіндегі өзекті халықаралық мәселелер мен ынтымақтастық бойынша пікір алмасты.