Қазақстан СІМ басшысы «G42 International» компаниясының басшылығымен кездесті

Қазақстан СІМ басшысы «G42 International» компаниясының басшылығымен кездесті

Астана, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «G42 International» компаниясының бас директоры әрі Әбу-Даби әмірлігінің Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы Мансур Ибрагим Әл-Мансуримен кездесу өткізді.

Тараптар цифрлық трансформация, жасанды интеллект, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Қазақстан СІМ басшысы Біріккен Араб Әмірліктерімен серіктестікті стратегиялық маңызды деп санайтынын атап өтіп, «G42» және «Presight» компанияларының жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту бойынша бастамаларын жүзеге асырудағы әлеуетін жоғары бағалады. Министр сондай-ақ қазақ тарапынан жаңартылатын энергетика мен логистикалық инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Өз кезегінде М.Әл-Мансури компания денсаулық сақтау, жасанды интеллект, көліктік логистика және энергетика салаларындағы шешімдердің кең спектрін ұсынуға, сондай-ақ Қазақстанда пилоттық жобаларды іске асыруға ниетті екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірілді және серіктестік өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайындық расталды.