Астана, 2025 жылғы 29 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, сыртқы саяси ведомствосы мен қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық кеңестің төртінші құрамының алғашқы отырысы өтті.
Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан қайта сайланды. Өз сөзінде ол өткен құрамның жұмысына ризашылығын білдіріп, жаңадан жасақталған құрамының жұмысына табыс тіледі.
Отырыста ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың 2025 жылғы бірінші жартыжылдығындағы СІМ қызметі туралы баяндамасы да тыңдалды. Ол қоғамдық кеңестердің жұмысы азаматтық қоғам мен билік арасындағы тиімді диалог алаңы ретінде жоғары бағаланатынын, 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан осындай кеңестер еліміздегі қоғамдық сенім деңгейін көтеріп, мемлекеттік басқарудың жаңа форматтағы, азаматтық қоғамға бағытталған үлгісін қалыптастыра білгенін атап өтті.
Сондай-ақ Ә.Бақаев Министрліктің инвестиция бағытты бойынша жұмыс туралы ақпарат берді. Мысалы, 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 6,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға жоғары (2024 жылдың І тоқсаны – 6,2 млрд АҚШ доллары).
Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің 3 комитетінің төрағалары мен мүшелері сайланып, төралқаның құрамы бекітілді. Сонымен қатар азаматтық қоғам өкілдері Қоғамдық кеңестің ережесімен танысып, бірауыздан бекітті.