Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресей Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресей Елшісін қабылдады

Астана, 2025 жылғы 27 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Дипломат РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Е.Көшербаевты ҚР СІМ басшысы болып тағайындалуымен құттықтауын жеткізді.

Тараптар көпқырлы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, оның стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.

Ерекше назар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне аударылды. Бұл іс-шараның екіжақты байланыстарды барлық бағыт бойынша жандандырудағы жоғары маңызы расталды.

Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Сұхбаттастар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және халықаралық аренада іс-қимылдарды тығыз үйлестіруге дайындығын растады.