Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты

Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты

Нью-Йорк, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты.

Іс-шараға қатысушылар БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның БҰҰ-мен ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады.

М.Нұртілеу әріптестерін ҰҚШҰ қызметінің бірқатар аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етті, өңірлік құрылымның одан әрі дамуына байланысты өз көзқарасын білдірді. Кездесуге қатысушыларды Қазақстанның БҰҰ жүйесін және оның Қауіпсіздік Кеңесін реформалау жөніндегі бастамаларын қолдауға шақырды.

Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары БҰҰ құрылғанына 80 жылдығына орай мәлімдеме қабылдады.

Министрлік кездесу дәстүрлі достық сипатта өтті, тараптар ҰҚШҰ-ның бәрін қамтитын ұйыммен одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға ниетін растады.