Қазақстан СІМ-де қазақ-неміс ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де қазақ-неміс ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Астана, 2025 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас инспекторы Сабина Штёрмен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ шетелдегі мекемелердің жұмысына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Серіктестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды дамытуға өзара мүдделілік аталып өтті.