Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпықалалық сенбілік экологиялық акциясына қатысты

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпықалалық сенбілік экологиялық акциясына қатысты

Астана, 2025 жылғы 20 қыркүйек  –  Сыртқы істер министрлігі басшылығы мен ұжымы Астана қаласының аумағын тазарту жөніндегі қала әкімдігінің «Таза Қазақстан» бастамасын қолдап, жалпықалалық сенбілікке белсенді түрде атсалысты. Қалалық ортаны абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жыл сайын өткізілетін іс-шара жақсы дәстүрге айналды.

Жалпықалалық сенбілік аясында Сыртқы істер министрлігінің ұжымы «Бәйтерек» монументіне  іргелес аумағын тазартты.

 Іс-шара азаматтық жауапкершілік пен экологиялық сана деңгейінің жоғары екенін айқын көрсетіп, әрбір тұрғынның үлесі елордамыздың тазалығы мен жайлы қалалық ортасын сақтауда маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.