Ашғабад, 2025 жылғы 15-17 қыркүйек – Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының он бірінші отырысы өтті (ЖДЖТ).
Отырысқа Әзербайжан Республикасының (жетекшісі – Самир Шарифов), Иран Ислам Республикасының (жетекшісі – Казем Гариб Абади), Қазақстан Республикасының (жетекшісі – Зульфия Аманжолова), Ресей Федерациясының (жетекшісі – Николай Удовиченко) және Түрікменстанның (жетекшісі – Мырат Атаджанов) делегациялары қатысты. Отырысқа Түрікменстан делегациясының басшысы М.Атаджанов төрағалық етті.
Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесін талқылауды жалғастырды. Отырыс аясында тараптар Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа шолу жасап, бесжақты өзара іс-қимыл мәселелері мен іс-шараларды әртүрлі деңгейде дайындауды қарастырды.
Делегациялар Түрікменстанға кездесуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ризашылықтарын білдірді.
ЖДЖТ келесі отырысы Әзербайжанда дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімде өтеді.