Қазақстан Елшісі Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің Бас директорына сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Елшісі Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің  Бас директорына сенім грамоталарын табыстады

Абу Даби, 2025 жылғы 17 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің (IRENA) Бас директоры Франческо Ла Камераға сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, оның ішінде климаттың өзгеруімен бірлескен күресті және жаңартылатын энергетиканы адамзаттың орнықты болашағының аса маңызды факторы ретінде дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақ дипломаты IRENA жаңартылатын энергия көздерін ілгерілетуде мемлекеттерді біріктіретін беделді халықаралық алаң ретіндегі маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстанның Агенттік жұмысына белсенді қатысуға, сондай-ақ екіжақты және көпжақты әріптестік байланыстарды нығайтуға дайындығын растады.

Өз кезегінде Ф. Ла Камера ү.ж. 2–4 қазанда Астанада өтетін «KazEnergy Week – 2025» халықаралық форумының жұмысына қатысатынын растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделі екендіктерін білдірді.

IRENA 2009 ж. 26 қаңтарда Бонн қаласында құрылған. Құрылтайшылар конференциясы барысында Агенттік Жарғысына әлемнің 75 мемлекетінің ресми өкілдері қол қойды. Бүгінде IRENA құрамына 169 мемлекет пен Еуропалық одақ мүше .