Астанада француз «HydroPlus» компаниясымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды

Астанада француз «HydroPlus» компаниясымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды

Астана, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров француз «HydroPlus» компаниясының президенті Франк Дель Реймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында гидротехникалық құрылыстарды салу және жаңарту, сондай-ақ Қазақстанның су шаруашылығында заманауи инженерлік және экологиялық тұрғыдан орнықты шешімдерді енгізу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Ә.Қуантыров Қазақстанның инновацияларға және «жасыл» тұрақтылыққа негізделген серіктестікке мүдделі екенін атап өтті және «HydroPlus» компаниясымен бірлескен жобалар су ресурстарын басқарудың тиімділігін айтарлықтай арттырып, экологиялық бағытталған дамуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Франк Дель Рей француз компаниясының халықаралық жобаларда қолданылған дәлелденген техникалық шешімдер негізінде ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ мен «HydroPlus» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Тараптар бірлесіп инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін өңірлер мен бағыттарды айқындауды көздейді.

«HydroPlus» – VINCI Construction Grands Projets құрамына кіретін инженерлік компания, бөгеттер мен су қоймаларын жаңғырту технологияларын қоса су шаруашылығы саласында инновациялық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге маманданған. 1991 жылы құрылған компания бүгінгі таңда әлемнің 30-дан астам елінде жобаларды жүзеге асырып, экологиялық тұрақты және экономикалық тиімді шешімдер ұсынады.