Астанада қазақ-эстон ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері талқыланды

Астанада қазақ-эстон ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері талқыланды

Астана, 2025 жылғы 15 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Эстония Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Мартин Рогермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады.

А.Исетов Эстония Қазақстан үшін Балтық теңізі өңіріндегі маңызды әрі сенімді серіктес екенін атап өтті. Мемлекеттер арасында қалыптасқан дәстүрлі достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделігін растады.

Дипломаттар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жаңа іс-қимылдарды қарастырды. Бұл тұрғыда 2025 жылы қаңтарда Таллиннде өткен Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-эстон үкіметаралық комиссиясы 7-ші отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар көлік және логистика саласындағы өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударылды. Орталық Азия мен Еуропаны жалғайтын сауда жолдарын дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар биік және жоғары деңгейдегі өзара
іс-сапарларды ұйымдастыру мәселелерін қамтитын іс-шаралар күнтізбесін қарастырды.