Қазақстан СІМ-де Израильдің жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Қазақстан СІМ-де Израильдің жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Астана, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Израиль Мемлекетінің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Йоав Быстрицкимен кездесті.

Кездесу аясында Й.Быстрицки сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Өз кезегінде Ә.Бақаев Елшіні жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Израиль арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту, сондай-ақ су шаруашылығы мен медицина салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

Министрдің орынбасары екіжақты байланыстардың оң қарқынын атап өтіп, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік саласындағы қатынастарды ілгерілетуге мүдделілік танытты.