Қазақстан мен Финляндия екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстан мен Финляндия екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Астана, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Финляндия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Янне Хейсканенмен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

А.Исетов қазақ тарапының саяси диалогты одан әрі ілгерілетуге және экономикалық байланыстарды нығайтуға, соның ішінде Қазақстандағы инновациялық жобаларға фин компанияларының цифрлық технологиялар мен жасанды сананы пайдалана отырып қатысуына мүдделі екенін атап өтті.

Сұхбаттастар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ БҰҰ мен ЕҚЫҰ аясындағы алдағы іс-шаралар бойынша да пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындықтарын растады.