Қазақстан СІМ-де Ресей Елшісімен кездесу өтті

Қазақстан СІМ-де Ресей Елшісімен кездесу өтті

Астана, 2025 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті жай-күйі мен даму перспективалары, биік және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ алдағы екіжақты сапарлар мен бірлескен іс-шаралардың кестесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.