Қазақстан СІМ-де Франциямен стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективалары талқыланды

Қазақстан СІМ-де Франциямен стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективалары талқыланды

Астана, 2025 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Францияның Қазақстандағы Елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар қазақ-француз ынтымақтастығының саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазіргі жағдайы мен перспективаларын егжей-тегжейлі қарастырып, көпжақты алаңдардағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

А.Исетов Астана мен Париждің екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделілігін көрсететін биік және жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың оң қарқынын атап өтті.

Өз тарапынан С.Гиоге Франция Үкіметінің энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, аса маңызды материалдар, медицина, білім және ғылым салаларын қоса алғанда, Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

Кездесу соңында тараптар алдағы екіжақты кездесулер мен іс-шаралар кестесін талқылады.