Астана, 2025 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.
ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин құттықтау сөз сөйлеп, тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуы мен оның халықаралық беделін арттырудағы Ата Заңымыздың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында Конституция күніне орай және мемлекеттілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін СІМ орталық аппаратының және шет елдердегі ҚР мекемелерінің бірқатар қызметкерлеріне мерейтойлық медальдар табыс етілді.