Астана, 2025 жылғы 8 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Осман Михаджимен кездесу өткізді.
Тараптар саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық серіктестікті нығайту, сондай-ақ энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қамтыған екіжақты өзара іс-қимылды талқылады.
Қазақ тарапы экономикалық байланыстардың оң серпінін, оның ішінде қазақстандық бидайды Алжирге жеткізудің басталуын атап өтіп, екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстарды жалғастыруға қызығушылық білдірді.
Дипломаттар саяси және іскерлік байланыстарды белсендіруге, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылды тереңдетуге дайындығын растады.
Кездесу аясында Алжир Елшісі Министрдің орынбасарына сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Өз тарапынан Ә.Бақаев Елшіні құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.