Қазақстан мен Сьерра-Леоне СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Сьерра-Леоне СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Астана, 2025 жылғы 6 тамыз – Сьерра-Леоне тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Муса Кабба арасында телефон арқылы сұхбат өтті.

Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, жыл соңына дейінгі алдағы іс-шаралардың кестесіне қатысты пікір алмасты.

Тараптар сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың дамуына жаңа серпін берген Сьерра-Леоне СІМ басшысының ү.ж. сәуірдегі Астана қаласына жасаған ресми сапарының оң нәтижелерін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер саяси диалогты жалғастыруға, өзара іс-қимылды әрі қарай нығайтуға және халықаралық аренада бір-бірін қолдауға бейілділігін растады.