Астана, 2025 жылғы 16 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Венесуэла Боливариан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Росальба Ло Буэ Антикомен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Венесуэла арасындағы саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Каракас арасындағы екіжақты және көпжақты қатынастарды одан әрі дамытуға өзара дайындықтарын білдірді.