Астана, 2025 жылғы 23 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «POLFARMA Group» директорлар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесу өткізді.
Тараптар Қазақстанда фармацевтикалық өндірісті жергіліктендіру саласындағы стратегиялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Сұхбат барысында Министр фармацевтика саласын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қолдауға дайын екенін білдірді.
Компания басшылығы қазіргі заманғы технологияларды енгізу мен білікті кадрларды даярлау арқылы елдегі өз қызметін кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.