Астана, 2025 жылғы 18 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сингапур Республикасының Қазақстандағы резидент емес Елшісі Зулькифли Бахарудинмен кездесу өткізді.
Тараптар 2024 жылғы мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапарының қорытындыларын жоғары бағалады және сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыруға келісті.
«Қазақстан мен Сингапурдың өзара құрмет, сенім пен ортақ мүдделерге негізделген берік және орнықты серіктестік құрды», – деп атап өтті А.Бақаев.
Сұхбаттастар сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдету, инвестициялық және көліктік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар дипломаттар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.