Астанада қазақ-қырғыз саяси консультациялары өтті

Астанада қазақ-қырғыз саяси консультациялары өтті

Астана, 2025 жылғы 13 маусым – Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялар өтті.

Қазақ делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев, ал қырғыз делегациясын Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Асеин Исаев басқарды.

Тараптар одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі нығайту перспективаларын талқылады, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын жан-жақты қарастырды. Сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Делегация басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды теңестірді», сондай-ақ көпжақты форматтарда өзара қолдау көрсетуді жалғастыруға берік міндеттемелерін растады.

Тараптар сондай-ақ алдағы іс-шаралар кестесін қарап, оларды сапалы дайындау бойынша тиісті Жол картасына қол қойды.