«Орталық Азия – Қытай» форматындағы екінші саммитке ақпараттық сүйемелдеу жасау үшін шетелдік журналистерді аккредитациялау туралы

«Орталық Азия – Қытай» форматындағы екінші саммитке ақпараттық сүйемелдеу жасау үшін шетелдік журналистерді аккредитациялау туралы

2025 жылғы 17 маусымда Астана қаласында «Орталық Азия – Қытай» форматындағы екінші саммит өтеді.

Саммит аясында Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай Халық Республикасы арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.

Іс-шара өтетін күні БАҚ өкілдері үшін Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52 мекенжайындағы Тәуелсіздік сарайында баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.

Аккредитациядан өту үшін шетелдік журналистер 2025 жылғы 12 маусым сағат 12:00-ге дейін тіркеу формасын толтырып, оны mfakzaccreditation@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ Баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз:

– Муташев Мейрам, ж.т.: +7 (7172) 72-01-45.