Қазақстанның инвестициялық және сыртқы экономикалық дамуының перспективалары S&P Global Ratings миссиясына таныстырылды

Қазақстанның инвестициялық және сыртқы экономикалық дамуының перспективалары S&P Global Ratings миссиясына таныстырылды

Астана, 2025 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров елімізге әлеуметтік-экономикалық жағдайды жыл сайынғы талдау мақсатында келген халықаралық рейтинг агенттігі S&P Global Ratings миссиясымен кездесу өткізді.

Диалог барысында жақын және алыс шетелдермен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық тауарлар мен инвестициялардың сыртқы нарықтарға шығуын кеңейтуге бағытталған Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының негізгі басымдықтары таныстырылды. Ерекше назар макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, инвестициялық ахуалды жақсарту және шикізаттық емес секторларға тікелей инвестиция тартуды ынталандыруға бағытталған жүйелі шараларға аударылды.

Министрдің орынбасары сондай-ақ инвестициялық сипаттағы соңғы іс-шаралар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, елдің экономикалық әлеуетін таныстыру алаңына айналған Астана халықаралық форумын атап өтті. Форум тарихында алғаш рет Африка елдерінің қатысуымен арнайы сессия ұйымдастырылып, онда агроөнеркәсіптік кешен, цифрландыру, логистика және басқа да перспективалы бағыттар бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Ішкі өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға да ерекше көңіл бөлінді. Бұл – көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, Транскаспий халықаралық көлік бағдары (Орта дәліз) бастамасына қатысу және Орталық Азия елдері арасында тұрақты байланыс орнату бағыттары. Қазақстан өңір елдерінің бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру үшін келісілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті.

Қазақ тарапы елдің экономикалық бағытының негізі – ашықтық, болжамдылық және халықаралық қаржы институттарымен белсенді серіктестік екенін атап өтті. Ішкі институционалдық күн тәртібін іске асырумен қатар, Қазақстан өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық, орнықты даму және өңірлік экономикалық кооперация идеяларын дәйекті түрде ілгерілетіп келеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ашық диалог пен ақпарат алмасуды жалғастыруға өзара мүдделілік бар екенін растады.