Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

Нью-Дели, 2025 жылғы 29 мамыр – «Раштрапати Бхаван» президенттік сарайында өткен ресми рәсімде Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Президенті Драупади Мурмуға сенім грамоталарын табыс етті.

Қазақ дипломаты ресми рәсімнен кейін өткен екіжақты кездесуде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан Үндістан Президентіне және достас үнді халқына жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Қазақстан мен Үндістан арасындағы дәстүрлі достық қатынастар, өзара түсіністіктің жоғары деңгейі және стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға деген ортақ ниет аталып өтті.

А. Есқараев екі ел арасындағы саяси диалогты тереңдету, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайындығын білдірді.

Өз кезегінде Президент Д. Мурму жаңа Елшіні жылы қарсы алып, оның дипломатиялық миссиясына сәттілік тіледі және Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты байланыстардың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.