Алматыда «Өзгерістер көшбасшысы – жастар» форумы өтті

Алматыда «Өзгерістер көшбасшысы – жастар» форумы өтті

Алматы, 2025 жылғы 26 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Өзгерістер көшбасшысы – жастар: ықпал үшін диалог» форумына қатысып, сөз сөйледі.

Іс-шара БҰҰ Бас хатшысының Жастар ісі жөніндегі көмекшісі Фелипе Паульердің Алматы қаласына іс-сапары аясында ұйымдастырылды.

Ж.Әбдрашов Қазақстанның БҰҰ-ның жаһандық жастар күн тәртібіне бейілділігін растап, цифрландыру, білім беру және психикалық денсаулық салаларында БҰҰ Жастар істері басқармасымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Қазақ дипломаты сондай-ақ Алматы қаласында жаңадан құрылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығының өңірлік жастар ынтымақтастығы үшін маңызды платформа ретіндегі әлеуетіне назар аударды.