2025 жылғы 30 мамырда Астана қаласында «Орталық Азия – Италия» форматындағы алғашқы саммит өтеді.
Саммит аясында Орталық Азия мемлекеттері мен Италия Республикасы арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.
Іс-шара өтетін күні БАҚ өкілдері үшін Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52 мекенжайындағы Тәуелсіздік сарайында баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.
Аккредитациядан өту үшін шетелдік журналистер 2025 жылғы 27 мамырда сағат 12:00-ге дейін тіркеу формасын толтырып, оны mfakzaccreditation@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ Баспасөз қызметіне хабарласуға болады:
– Ерлан Өтегенов, ұялы тел.: +7 (777) 041 8865.