Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Министрлік туралы
Комитеттер
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Консулдық туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
31 мая 2023
Жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманың 20 жылдығына орай Жоғары деңгейдегі кездесу туралы

Чеджу, 2023 жылғы 30-31 мамыр – Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Жаппай қырып-жою қаруын таратуына қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманың 20 жылдығына орай Жоғары деңгейдегі мерейтойлық кездесуге қатысты.

Іс-шараға Бастаманың Азиядағы, Еуропадағы, Америкадағы, Африкадағы және Тынық мұхит өңіріндегі қатысушы мемлекеттері сыртқы саяси және қорғаныс ведомстволарының жоғары мәртебелі өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесудің пленарлық отырысында сөз сөйлеу барысында Қ. Омаров Қазақстан таратпау және қарусыздану саласындағы ең маңызды келісімдердің қатысушысы болып табылатынын және Бастаманы толығымен қолдайтынын атап өтті.

Осы тұрғыда ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстанда сезімтал материалдар мен қосарлы мақсаттағы технологиялар айналымына тиімді мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесін үнемі жетілдіріп отырғанына назар аударды. Атап айтқанда, 2023 жылғы 28 ақпанда Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінен шығатын талаптарды және озық халықаралық тәжірибені қамтитын «Өзіндік ертекшілігі бар тауарларды бақылау туралы» Заң күшіне енді.

Қатысушылардың назары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемия проблемаларын кешенді және тиімді шешу үшін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру жөніндегі бастамасына аударылды. Орталық Азия аймағында жаппай қырып-жою қаруды орналастыруға, транзитке және өндіруге тыйым салатын Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақтың жұмыс істеуінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Іс-шара аясында Қазақстан делегациясының басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының қару-жарақты бақылау және халықаралық қауіпсіздік бойынша орынбасары Бонни Дженкинспен, сондай-ақ Корея Республикасы, Польша, Аустралия, Палау және Филиппин делегациялары басшыларымен кездесулер өткізді.

Анықтама: Жаппай қырып-жою қаруын таратуына қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманы 2003 жылы Польшадағы Краков қаласында АҚШ Президенті Дж. Буш ұсынған болатын. Ол жаппай-қырып жою қаруға және оның жеткізу құралдарына байланысты материалдардың заңсыз айналымын және трансшекаралық жылжытуын бұлтарпауға бағытталған.

Қазіргі таңда 106-дан астам мемлекет Бастаманың мақсаттары мен қағидаларына қолдауын білдірді. Қазақстан Республикасы «Краков бастамасына» 2005 жылғы шілдеде ресми түрде қосылды.

 

30 мая 2023
БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Өңірлік бюросы Қазақстанның азаматсыздықты қысқартуға қосқан үлесін жоғары бағалады

Астана, 2023 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Азия және Тынық мұхит аймағы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) Өңірлік бюросының директоры Индрика Ратваттемен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қ. Тумыш азаматсыздықты қысқарту, босқындарды, іштей қоныс аударған адамдарды, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғаларды қорғау және оларға гуманитарлық көмек беру саласында Қазақстан қабылдап жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Өз тарапынан И. Ратватте азаматсыздықты қысқарту саласында Азия және Тынық мұхит аймағында ең үлкен ілгерілеу Орталық Азияда, әсіресе Қазақстанда жеткенін атап өтті. Ауғанстанға қолдау көрсетуде, соның ішінде гуманитарлық көмек бөлуде Қазақстанға алғыс білдірілген болатын. БҰҰ БЖКБ Өңірлік бюросы басшысының сөздері бойынша, 40 млн ауғандық арасынан 28 млн ауғандыққа көмек қажет. Қазақстан 2023 жылғы желтоқсанда Женевада өтетін Босқындар мәселелері бойынша жаһандық форумға жоғары деңгейде қатыса алатынына үміт білдірілген болатын.

Кездесу нәтижесінде тараптар Қазақстан мен БҰҰ БЖКБ арасындағы барлық мүдделі мәселелер бойынша жемісті ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.

Анықтама: Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ) – мақсаты босқындардың, күштеп қоныс аударылған қауымдастықтар мен азаматтығы жоқ адамдардың өмірін сақтау, құқықтарын қорғау және жақсы болашақты қамтамасыз ету болып табылатын халықаралық ұйым.

БҰҰ БЖКБ-ның негізгі миссиясы – босқындарды репатриациялау немесе жаңа қоғамдарға интеграция мақсатында мемлекеттерге және үкіметтік емес ұйымдарға көмек көрсету арқылы босқындарды халықаралық қорғауды қамтамасыз ету және олардың мәселелеріне ұзақ мерзімді шешімдерді табу.

30 мая 2023
Қазақстан Елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Баку, 2023 жылғы 29 мамыр – Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанның Әзербайжандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Әлім Байелдің сенім грамоталарын қабылдады.

Қазақстандық дипломат бауырлас Әзербайжан Республикасында елінің атынан қызмет атқару өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Ә. Байел Қазақстан мен Әзербайжан мемлекет басшыларының тапсырмалары шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету бойынша жұмыс істейтінін айтты.

Сұхбат барысында Әзербайжан Президенті И. Әлиев екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейінің қарқынына көңілінің толып отырғанын айта келе, өзінің Қазақстанға жасаған сапары мен Қазақстан Президентінің Әзербайжанға жасаған сапарының ықпалдастықтың кеңеюіне үлкен серпін бергенін атап өтті. Әзербайжан басшысы өзі мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арасындағы сенімге негізделген қарым-қатынастың қазақ-әзербайжан бауырластық байланыстарын одан әрі нығайтудың кепілі екендігін тілге тиек етті.

Әзербайжан Президенті көлік-логистика саласының екіжақты ынтымақтастықтағы негізгі бағыттардың бірі екеніне назар аударды. Президент И. Әлиев бүгінде жүзеге асырылып жатқан бірлескен инфрақұрылымдық жобалар жүк тасымалы көлемін кеңейтуге жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті. И. Әлиев сондай-ақ қазақ мұнайының Әзербайжан арқылы жуырда басталған тасымалының өте маңызды қадам болғанын тілге тиек етті. Президент Әлиев Елшінің қызметіне табыс тіледі.

Өз кезегінде Ә. Байел Әзербайжан Президентін және халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, биыл 100 жылдық мерейтойы кеңінен аталып жатқан Гейдар Әлиевті құрметпен еске алды.

Дипломат сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ елдерімізбен қатар, бүкіл өңір үшін үлкен геоэкономикалық маңызы бар жобаларды жүзеге асырудың екіжақты ынтымақтастықтағы басымдық екендігімен келісті. Аталған жобалардың қатарында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, Каспий теңізінің түбімен фибер-оптикалық байланыс желісін тарту, қазақ мұнайының экспортын әртараптандыру бар.

Кездесуде сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанның халықаралық аренада, оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы аясында жемісті ынтымақтастық жүргізіп отырғаны аталып өтті. Биыл Қазақстанда өтетін ТМҰ-ның 10-шы мерейтойлық саммитіне дайындық барысы талқыланды.

 

29 мая 2023
Қазақстан мен Иордания СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Астана, 2023 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер және экспатрианттар министрі Айман Сафадимен телефон арқылы сөйлесіп, оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

А. Сафади қазақстандық әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде М. Нұртілеу сұхбаттасушыға жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Иордания СІМ басшысы саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, осы орайда инвестиция, туризм, азық-түлік қауіпсіздігі, IT және өзге салалардағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытатынын жеткізді. Сонымен қатар алдағы уақытта Иордания Королі Абдалла ІІ бен Хуссейннің Қазақстанға ресми сапары жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар жуық арада сыртқы істер министрлері деңгейінде қарымта сапарлар жасауға уағдаласты. Телефон арқылы сөйлесу Иордания тарапының бастамасымен өтті.

 

29 мая 2023
Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингі, Астана, 2023 жылғы 29 мамыр

Мазмұны:

  1. Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің Қазақстанға алдағы ресми сапары туралы;
  2. Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының Жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманың 20 жылдығына орай Жоғары деңгейдегі кездесуге қатысуы туралы;
  3. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі алдағы консультациялары туралы;
  4. Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының «БРИКС+» форматы бойынша Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысуы туралы;
  5. Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания үкіметаралық аралас комиссиясының алдағы отырысы туралы;
  6. БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Өңірлік бюро директорының сапары туралы.

1. Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің Қазақстанға алдағы ресми сапары туралы

2023 жылғы 30 мамыр - 1 маусым аралығында Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтеді. Сапар барысында оның Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты келіссөздері жоспарланған.

Тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің, оның ішінде саяси, экономикалық және мәдени өзара іс-қимыл салаларындағы Қазақстан-Оңтүстік Корея қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылайды. Халықаралық ұйымдар мен форумдар шеңберінде екі елдің ынтымақтастығы бойынша пікір алмасу жоспарлануда.

Сапар аясында корей министрінің мемлекет басшылығымен кездесуі жоспарланған.

2. Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының Жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманың 20 жылдығына орай Жоғары деңгейдегі кездесуге қатысуы туралы

2023 жылғы 30-31 мамыр аралығында Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Чеджу қаласында (Корея Республикасы) өтетін Жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күресте қауіпсіздік жөніндегі бастаманың 20 жылдығына орай Жоғары деңгейдегі кездесуге қатысады.

Іс-шараға Азия, Еуропа, Америка, Африка және Тынық мұхиты аймағынан келген бастамаға қатысушы елдердің сыртқы саяси және қорғаныс ведомстволарының басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Сапар аясында бірқатар кездесулер, сондай-ақ қазақстандық делегация басшысының Жоғары деңгейдегі кездесуде сөз сөйлеуі жоспарланған.

3. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі алдағы консультациялар туралы

2023 жылғы 30 мамырда Минск қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде көпжақты консультациялар жоспарланған.

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев басқарады.

Іс-шара барысында 2023 жылғы маусымда жоспарланған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысына дайындық мәселелерін және Ұйым шеңберіндегі сыртқы саяси ынтымақтастықтың басқа да өзекті аспектілерін талқылау жоспарлануда.

4. Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының «БРИКС+» форматы бойынша Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысуы туралы

2023 жылғы 1-3 маусым аралығында Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров «БРИКС+» форматында өтетін Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін Кейптаун қаласына (Оңтүстік Африка Республикасы) іс-сапармен барады. Қазақстан осы іс-шараға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесте қазіргі төраға және Шанхай ынтымақтастық ұйымында келесі төраға ретінде шақырылған.

Кездесудің тақырыбы – «Тілектестіктен қарқынды өсуді, орнықты дамуды және инклюзивті көпжақтылықты қамтамасыз ету бойынша ұжымдық қимылға көшу».

Форумға қатысушылар климаттың өзгеруі, кедейшілікпен, құрғақшылықпен күрес, әлемнің індеттен кейінгі дамуы, көлік пен транзит салаларының дамуы және т.б. өзекті мәселелерді талқылауды жоспарлауда.

Іс-сапар аясында Қазақстан өкілінің Оңтүстік Африка Республикасының Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрі Наледи Пандормен және осы елдің БРИКС-тегі шерпасы Анил Суклалмен, сондай-ақ іс-шараға қатысатын басқа делегациялардың басшыларымен екіжақты кездесулері жоспарланған.

Қазақстанның БРИКС елдерімен ынтымақтастығы жоғары деңгейге жетті. Атап айтқанда, 2022 жылы Қазақстанның БРИКС мемлекеттерімен жалпы сауда айналымы 50 миллиард АҚШ долларынан асқан.

5. Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания үкіметаралық аралас комиссиясының алдағы отырысы туралы

2023 жылғы 30 мамырда Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Испанияның Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Шиана Маргарита Мендес Бертолоның төрағалығымен Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания үкіметаралық аралас комиссиясының 10-шы отырысы өтеді.

Сондай-ақ сол күні «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев және «MAXAM» испандық компаниясының коммерциялық директоры Хосе Мария Кассас бірлесіп төрағалық ететін «Қазақстан-Испания» іскерлік кеңесі өтеді.

6. БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Өңірлік бюро директорының сапары туралы

2023 жылғы 28-30 мамыр аралығында Қазақстанда Азия-Тынық мұхиты өңірі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Өңірлік бюросының директоры Индрика Ратватте сапармен болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің босқындарды қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастықты талқылау үшін ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттарымен, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумышпен кездесулері жоспарланған.

Оған қоса Индрика Ратватте 30 мамырда Алматыда Орталық Азия елдері өкілдерінің қатысуымен өтетін азаматтық жоқсыздықты жою мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелдің жұмысына қатысады.

27 мая 2023
БҰҰ Қазақстанның бітімгерлік қызметке қосқан үлесін жоғары бағалайды

Астана, 2023 жыл 26 мамыр – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ-ның алғашқы бітімгершілік миссиясы құрылғанына 75 жыл толу қарсаңында ҚР Қорғаныс министрлігі, БҰҰ-ның ҚР-дағы Өкілдігі және шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтті.

Іс-шараны ашқан ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның бітімгершілік миссиялары шеңберінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ-ның күш-жігерін қолдауы, еліміздің сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Дипломат қолдау көрсеткені үшін серіктестерге алғыс білдіріп, Қазақстан БҰҰ аясында бітімгершілік қызметін одан әрі арттыруға ниетті екенін мәлімдеді.

БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори Қазақстанның БҰҰ қызметіне белсенді қатысуын жоғары бағалай отырып, Астана тығыз ынтымақтастық жылдарында бітімгершілік жолында өзінің тиімдігін дәлелдегенін және қазақстандық әскери қызметкерлердің жоғары кәсібилігін көрсеткенін жоғары атап өтті. Ол осындай миссияларда жеке тәжірибесі бола отырып, Алматыда жұмыс істейтін «Казцент» бітімгершілік оқу-жаттығу орталығы аясында бітімгершілік әлеуетті арттыру үшін елімізде жасалған жағдайларға ерекше назар аударды.

ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Хусайынов, сондай-ақ миссияларға қатысқан қазақстандық бітімгершілер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қосқан үлесі туралы мазмұнды ақпаратпен бөлісті.

Қазақстанның оң тәжірибесін атап өткен шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері қазақстандық әскерилерге алғыстарын білдіріп, қолдау көрсетті. Отандық «көгілдір каскаларға» БҰҰ-ның Ливандағы миссиясы аясындағы әрекеттері үшін жоғары баға берді. Осылайша, Үндістан Республикасының әскери атташесі сол елдің бригадасында қызмет ететін қазақстандық бітімгершілермен өзара іс-қимыл тәжірибесінің сәттілігін атап өтті. Бұл тәжірибені қазір басқа елдер де зерттеп жатыр.

Шараға қатысушылар БҰҰ туы астында қызметте жан тапсырған бітімгершілерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

25 мая 2023
Астанада Қазақстан-Беларусь сімаралық консультациялары өтті

Астана, 2023 жылғы 25 мамыр – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде екіжақты шарттық-құқықтық базаны түгендеу бойынша сарапшылардың Қазақстан-Беларусь сімаралық консультациялары өтті.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында 1991 жылдан 2023 жылға дейінгі қол қойылған екіжақты мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдердің тізбесін қарастырып, өзара мүдделі халықаралық құқықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушылар консультациялар механизімінің тиімділігін ескере отырып, Қазақстан мен Беларусь арасындағы заңнамалық базаны түгендеу және жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдады.

23 мая 2023
Қазақстан мен Еуроодақ әріптестікті нығайту бойынша практикалық қадамдарды талқылауда

Астана, 2023 жылғы 23 мамыр – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша басқарушы директорының орынбасары Люк Девиньнің төрағалығымен саяси конфигурациядағы «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» ынтымақтастық комитетінің 20-шы отырысы өтті. Іс-шараға қазақстандық министрліктер мен ведомстволардың, Еуропалық комиссияның түрлі директораттарының өкілдері, сондай-ақ елімізде аккредиттелген Еуроодаққа мүше елдердің дипломатиялық корпусының өкілдері қатысты.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтитын Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іс жүзінде іске асыруға баса назар аудара отырып, барлық басым бағыттар бойынша диалогты одан әрі нығайту мәселесі болды.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық салалардағы, заң үстемдігі мен адам құқықтары саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ көлік, энергетика, білім және ғылым, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Бұдан басқа ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша ресми консультациялар өткізу жоспарлары белгіленді, бұл туралы келісім Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ү.ж. 15 мамырда Ішкі істер бойынша Еуропалық комиссар Ильва Йоханссонмен кездесуінің қорытындысы бойынша уағдаластыққа қол жеткізген болатын. Тараптар сондай-ақ ү.ж. 19 мамырда Алматыда ЕО-ОА екінші экономикалық форумы аясында қол қойылған және ҚР-да құқық үстемдігі және орнықты экономикалық өсу саласындағы жобаларды іске асыруға 9 млн еуро бөлуді көздейтін «ЕО-Қазақстан ынтымақтастығы құралын» қаржыландыру туралы келісімді іс жүзінде іске асыруды қарастырды.

«Жаһандық қақпа» (Global Gateway) стратегиясы шеңберінде ЕО мен ҚР өзара байланыстылығы мәселелерін талқылай отырып, тараптар транзиттік жолдарды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту мен әртараптандырудың маңыздылығын және оның ЕО Трансеуропалық көлік желісімен (TEN-T) одан әрі өзара байланыстылығын атап өтті. Бұл ретте «Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін Орталық Транскаспий желісі Орталық Азияның барлық бес елінің аумағын қамтитын және негізгі елді мекендердің және аймақтың өндірістік орталықтардың көпшілігін қамтитын екі деңгейлі тәсілді пайдалану есебінен көлік желісі мен өңірдің одан әрі дамуын қамтамасыз ететін неғұрлым орнықты нұсқа ретінде айқындалған» делінетін ү.ж. 19 мамырда ұсынылған Еуропалық қайта құру және даму банкінің Еуропа мен Орталық Азия арасындағы орнықты көлік байланыстары бойынша зерттеулердің өзектілігін атап өтті.

«Орталық Азия – Еуропалық одақ» форматы шеңберінде өңіраралық өзара іс-қимылдың кең спектріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, білім беру, су ресурстары, қоршаған орта, қауіпсіздік және трансшекаралық ынтымақтастық саласындағы өңірлік жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Жалпы, ҚР-ЕО ынтымақтастық комитетінің кезекті отырысы жан-жақты пікір алмасуға және Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді одан әрі іске асыру және өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықтың барлық ауқымын тереңдету бойынша нақты қадамдарды белгілеуге мүмкіндік берді.

Анықтама: Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі. Еуроодақ үлесіне қазақстандық сыртқы сауда мен шетелдік инвестициялардың 30%-дан астамы тиесілі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша тараптар арасындағы тауар айналымы 39,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 38%-ға жоғары. Ағымдағы жылы да қарқынды өсу жалғасуда: 3 айда сауда көлемі 12,5%-ға ұлғайып, 10 млрд АҚШ долларынан асты.

2022 жылы Еуроодақтан Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар көлемі 23%-ға өсіп, 12,5 млрд АҚШ долларына жетті, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш болды.

19 мая 2023
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде заң мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізіледі

2023 жылғы 26 мамырда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде заң мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізіледі.

Қабылдауға жазылу 2023 жылғы 24 мамырға дейін  (жұмыс уақытында)   8 (7172) 72 05 12 телефоны бойынша жүргізіледі.

19 мая 2023
Еуропалық одақ – Орталық Азия екінші экономикалық форум аясында ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері талқыланды

Алматы, 2023 жылғы, 18 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Алматы қаласында өз жұмысын бастаған ЕО-Орталық Азия екінші экономикалық форумының бизнес-сессиясының ашылуында сөз сөйледі.

Р. Василенко Мемлекет басшысымыз жүргізіп отырған сыртқы саясаттың басымдықтарының бірі Қазақстан мен Орталық Азияны жаһандық деңгейде ілгерілету болып табылатынын атап өтті.

Қазақстандық дипломат атап өткендей: «Соңғы онжылдықта Еуропалық одақ Орталық Азияға 120 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салды, олардың 70%-ы Қазақстанға тиесілі. Еуразия континентінің ортасында орналасқан Орталық Азия 80 миллионға жуық халқы бар өсіп келе жатқан нарық ретінде танымал. Транзиттік мүмкіндіктердің, геосаяси орналасудың, «жасыл» және жаһандық энергетиканы қолдау әлеуетіміздің болашағы зор. Біз барлық тараптарды осы күш-қуатты дамытуға шақырамыз». Сонымен қатар ол тәуелсіздік жылдары Қазақстанға Еуроодақтан 170 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылғанын баса айтты.

Форумға қатысу аясында Р. Василенко Эстония Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жаһандық мәселелер жөніндегі вице-канцлері Март Волмермен және Румыния Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Юлиан Фотамен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар, Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийартомен және Латвияның Көлік министрі Янис Виттенбергпен сұхбат өткізді.

Еуропалық серіктестермен әңгіме барысында көлік, инфрақұрылым, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, сирек жер металдары сияқты бағыттарда ынтымақтастықты кеңейтудің қазіргі жағдайы мен әлеуеті талқыланды.

Кездесу барысында Ю. Фота: «Қазақстан тек Румыния үшін ғана емес, бүкіл Еуропалық одақ үшін өңірдегі басты және ірі сауда серіктесі болып табылады, сондықтан біз ЕО-ның Орталық Азиямен, атап айтқанда, Қазақстанмен өзара байланысының ерекше маңыздылығын жақсы түсінеміз», – деп атап өтті.

Әңгімелесушілер көпжоспарлы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтудің және сыртқы саяси ведомстволар басшылары деңгейінде диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Социальные сети
Facebook
Telegram
Twitter
YouTube
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы