
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі –ҚР СІМ) Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына (бұдан әрі – РФ ММХҚИ) бюджеттік негіздегі оқуға іріктеуге үміткерлердің құжаттарын қабылдайтыны туралы хабарлайды (бакалавриат бағдарламаларына – 9 квота, магистратура бағдарламаларына – 8 квота және аспирантура бағдарламаларына – 1 квота).
Бакалавриат бағдарламалары: халықаралық қатынастар, шетелдік аймақтану, құқықтану, журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс. экономика, экология және табиғат пайдалану, сауда.
Магистратура бағдарламалары: халықаралық қатынастар, шетелдік аймақтану, экономика, құқықтану, журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс, мемлекеттік және муниципалды басқару, қаржы және несие.
Аспирантура бағдарламалары: құқықтану, экономика, саяси ғылымдар, педагогика.
Оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2026 жылғы 30 наурыздан бастап 10 сәуір аралығында ҚР СІМ-нің Адам ресурстары департаментіне мынадай құжаттарды ұсынады:
Құжаттар қағаз папкасына тігілуі тиіс.
Конкурстық іріктеу 2026 жылғы 13-14 сәуір аралығында жазбаша емтихан және ауызша әңгімелесу түрінде өтеді. ҚР СІМ-де конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер ММХҚИ-да түсу емтихандарын өз бетінше өтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 7172 72 07 54, +7 778 780 17 17, телефондар арқылы немесе b.omirbekova@mfa.gov.kz электрондық мекенжайына хабарласуға болады.