«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қағидалар) тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары лауазымына кандидаттарды конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау жарияланады.
- Қоғамның атауы және мекенжайы
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ
010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/20, С4.1 блогы
Тел.: +7 7172 620 627
Веб-сайт: invest.gov.kz
Негізгі қызмет түрлері: Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу.
- Үміткерге қойылатын талаптар
- Жоғары білім және/немесе магистр дәрежесі (экономика, қаржы, менеджмент саласында алғаны құпталады);
- Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі кемінде 10 жыл;
- Директорлар кеңесінің мүшесі және басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;
- Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы.
- Қажетті құжаттар
- Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш (Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);
- Үміткердің түйіндемесі;
- Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген, үміткердің соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқ екенін растайтын құжаттар;
- Экономика және/немесе бизнес және/немесе құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);
- Үміткер туралы мәліметтер (Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша);
- «Тәуелсіз директор» сертификатының көшірмесі.
* Іріктеуге қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже мен атақтардың берілуі туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, ұсынымдардың және т.б. көшірмелері).
- Құжаттарды ұсыну мерзімі және тәсілі
- Құжаттарды қабылдау басталатын күн: осы хабарландыру Жалғыз акционердің (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі) және Қоғамның интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап.
- Құжаттарды ұсыну мерзімі: 10 (он) күнтізбелік күн ішінде.
- Мекенжайы (қолма-қол тапсыру үшін): Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/21, С 4.2 блогы, 2-қабат.
- Электрондық пошта: invest@mfa.kz (хаттың тақырыбында «KAZAKH INVEST тәуелсіз директорын іріктеу» деп көрсету қажет).
Құжаттар Жалғыз акционердің (ҚР СІМ) атына мөрленген конвертпен ұсынылады. Конвертте: «Үміткердің материалдары (Т.А.Ә.) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры лауазымына іріктеуге қатысу үшін» деген жазу және үміткердің мекенжайы көрсетілуі тиіс.
- Қосымша ақпарат
- Үміткер ұсынған құжаттар толық болуы, ал құжаттардың көшірмелері анық сканерленген (бұлдыр емес) болуы тиіс. Қажет болған жағдайда Комиссия құжаттардың түпнұсқаларын сұратуға құқылы.
- Екіден кем өтінім түскен немесе барлық үміткерлердің кандидатуралары қабылданбаған жағдайда, конкурс өткізілмеген деп танылады.
Байланыс тұлғасы – Комиссия хатшысы (тел.: +7 7172 98 36 55).